430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда мопед мінген курьер жеңіл көлікке соқтығысып, екі адам зардап шекті

  • 75
  • UPD: 11:42, 29.03.2021
Алматыда мопед мінген курьер жеңіл көлікке соқтығысып, екі адам зардап шекті

Алматыда мопед мінген курьер жеңіл көлікке соқтығысып, екі адам зардап шекті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 28 наурыз күні сағат 22:00 шамасында болған.

«Мопед жүргізушісі Абай даңғылымен батыс бағытта жылжып келе жатып, Байтұрсынов көшесінің қиылысында бағдаршамның ескерту сигналына қарамастан өтіп кетпек болған. Салдарынан «Toyota RAV4» автокөлігімен соқтығысты», - деді Алматы қаласы ПД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Апат салдарынан мопед жүргізушісі мен оның жолаушысы түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл дерек Алмалы аудандық полиция басқармасында тергеліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы