Елордада есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Нұр-Сұлтан, Қостанай және Шу өңірінде бір мезетте жүргізілген арнайы операция нәтижесінде есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды.

Сегіз адамнан тұратын топты 51 жастағы Қостанай облысындағы Денисов ауданының тұрғыны басқарған. Ол сыбайластарының әрқайысына нақты міндет жүктеп, соның мүлтіксіз орындалуын қадағалап отырған.  Есірткімен қамтамасыз етуші Жамбыл облысы Шу ауданының 67 жастағы тұрғыны, ал жеткізуші Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. Күдіктілерді ұстау үшін 7 жедел топ құрылған. Есірткінің кезекті партиясын тасымалдау кезінде қолға түскен жеткізушіден салмағы 5 килограмнан асатын гашиш салынған орама алынды. Қылмыстық топ басшысының үйінен 26 гашиш таблеткасы, ақша мен банк карталары табылды. Есірткі заттарының жалпы салмағы 10 келіден асады. Қара нарықтағы құны 14 млн теңге шамасында. Күдіктілердің бәрі қамауға алынды. 

Айгүл Ерәділова, облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі:

- Осы күдіктілердің барлығы ешқандай бұрын-соңды  қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Негізгі ұйымдастырушы 51 жастағы ер адам ветдәрігер болып жұмыс атқарған. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 297-бабыныц 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бапта 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылған. Және дүние-мүлкін тәркілеу қарастырылған.