Елордада арнайы мобильді топ карантинді бұзған 24 нысанды анықтады. Қатаң шектеулерге қарамастан демалыс орындары таңғы 5-ке дейін жұмыс істеген.
Тіпті қорқор қызметін де ұсынған. Көңіл көтеру орындарында 300-ге жуық адамның болғаны белгілі болды. Жалпы мониторингтік топ өткен демалыс күндері 150-ге жуық нысанды тексерген. Ал жыл басынан бері талапты бұзған 580-нен астам ойын-сауық орыны анықталған.