Шымкенттің қақ ортасында қызды ұрлап кетті

Nexia көлігіне әлдекімдердің қызды күштеп мінгізіп жатқанын куәгерлер видеоға түсіріп алған.

Сол маңдағы тұрғындар бұл оқиғаның түнгі сағат екіден өте болғанын айтады. Олардың болжамы бойынша, жақын жердегі мейрамханадан шыққан қонақтардың бірі болуы мүмкін. Полицейлердің айтуынша, түн ортасында қызды алып қашқандар әлі табылмаған. Тек бейнежазбаны түсірген адамды ғана анықтапты. Көлікке мәжбүрлі түрде отырған бойжеткеннің әзірге кім екені де белгісіз күйде қалып отыр.

Дәулеткелді Әбдіраманов, қалалық ПД тергеу басқармасының басшысы:

- 2021 жылдың 29 наурыз күні Шымкент қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында белгісіз тұлғалар азаматшаны автокөлікке күштеп отырғызып алып кеткені туралы бейнежазба жарияланған болатын. Бұл бойынша ҚР ҚК 126 бабымен қылмыстық іс қозғалды.