Семейде ірі көлемде есірткі тәркіленді

Шығысқазақстандық полицейлер кең ауқымды арнайы операция өткізіп, Семейде бір жарым центнерден астам кептірілген марихуана мен 10 келі гашиш тәркіледі.

Күдікті азамат мұнша есірткі заттарын гаражында сақтап, кейін сатпақ болған. Зиянды дүниенің жалпы көлемі 32 мың бір реттік қолдану мөлшеріне пара пар және қара нарықтағы құны 100 миллион теңгеден асады екен. Қазір оқиғаның мән-жайы жан-жақты тексеріліп, қылмысқа қатысы болуы мүмкін басқа да тұлғалар анықталып жатыр.

Әйгерім Нұрғазина, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

– Бүгінгі күнде сот санкциясымен 44 жастағы күдікті қамауға алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, яғни күдікті 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.