429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда төртінші қабаттан құлаған бала тірі қалды

  • 151
  • UPD: 12:28, 31.03.2021
Атырауда төртінші қабаттан құлаған бала тірі қалды

Атырауда бес жасар бала 4-ші қабаттан құлап кеткен, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жыл басынан бері Атырауда көп қабатты тұрғын үйлердің терезесінен 10-ға жуық баланың құлап кетуі тіркелген.

«Терезенің ашық қалуынан 2-7 жас аралығындағы балалар жиі құлайды. Өйткені, олар терезенің алдында ойнау қауіпті екенін ескермейді. Ал ата-аналар осындай жастағы балаларды қараусыз қалдырады. Мәселен, 27 наурызда бес жасар бала 4-ші қабаттағы пәтер терезесінен құлап кеткен. Оны ата-анасы терезесі ашық тұрған бөлмеде жалғыз қалдырған», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір жарақат алған бала облыстық балалар ауруханасында емделіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы