Ақтау әуежайында төтенше жағдай болды

Ақтау халықаралық әуежайында төтенше жағдай болды.

Ғимараттың жолаушылар ұшаққа өтетін бөлігіне механикалық баспалдағы бар техника соғылған. Салдарынан ғимаратқа зақым келді. Оқиға 30 наурызда болған, деп хабарлады lada.kz.

Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер жоқ.