Оралда алты адам табиғи газдан уланып қалды

Оларға дер кезінде медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зардап шеккендер қатарында кішкентай балалар да бар. Оқиға қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. 39 жастағы әйел мен оның үш баласы бірдей уланған. Балалардың үлкені 11 жаста, ортаншысы 5-те болса, кенжесі әлі бір жасқа да толмаған. Жергілікті денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір олардың жағдайы жақсарған. Сонымен қатар дәл осы үйде есінен танған 2 зейнеткер дәрігерлердің бақылауында. Қазір оқыс оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Сәуле Зағидуллина, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

– Әйел мен оның балалары көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Олар жеңіл дәрежеде уланған. Медициналық тексерістен соң, үйден амбулаториялық ем алуға жіберілді. Ал 1955 жылғы ер адам мен 1956 жылғы әйел адам орта дәрежеде уланған. Олардың да жағдайы қазір жақсы.

Сондай-ақ...