Бұл жолғы жағдай Балықты көлінде болған. Мына бір видеоны арнамызға сол маңдағы Қарағаш ауылының тұрғыны Жамбыл Ақбаев түсіріп жіберді. Онда мұз бетінде жүздеген ірілі - ұсақты су маржаны қатып қалған.
Адамдардың айтуынша, бұл көлді жалға алған кәсіпкердің ісі. Ол қыс бойы мұзды ойып балықтарды аумен ұстап, жүк көліктеріне тонналап тиеп әкететін көрінеді.
Жамбыл Ақбаев, Қарағаш ауылының тұрғыны:
- Мынаның бәрін қопарып, мына іштегі балықтарды бәрін сыртқа шығарып тастады міне. Көбі өліп қалған. Анау судың астына невод жіберіп, ананың ішіндегі барлық балықты сүзіп алады. Сол өлгендері міне шығып, құсқа, аңға, бәріне жем болып жатыр.
Бұл туралы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары түсініктеме дайындап жатыр. Толығырақ кешкі жаңалықтарымыздан біле аласыздар.