ШҚО-дағы Ана мен бала орталығында электрик көз жұмды

Қайғылы оқиға облыстық Ана мен бала орталығында болған.

Бұл туралы Устинка LIVE хабарлайды.

– Электриктің көз жұмғаны рас, оны лифт есігі қысып қалған, – деді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Омарбеков. – Қызмет көрсетуші «Лифтек» компаниясы 30 наурыз күні көтергішті сынақтан өткізіп, барлығы дұрыс жұмыс істеп тұрғаны анықталған. Ер адам жеделсатыға кіріп жатқанда оны есік қысып қалған.

Қазір оқиғаның себебін ШҚО Еңбек комитеті департаментінің комиссиясы тексеріп жатыр.