433,40 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада «Шапағат» базары өртенді

  • 144
  • UPD: 23:52, 02.04.2021
Елордада «Шапағат» базары өртенді

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Шапағат» базарында өрт шығып, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тілсіз жаумен арпалысып жатыр. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгін 22:30-да Нұр-Сұлтан қаласының өрт сөндіру бөлімдерінің мамандары Сарыарқа ауданы Бөгенбай батыр, 69 мекен-жайы, «Шапағат» базарына шақыртуға аттанды. Бара салысымен шатырдың және сыртқы жабынды қабаттың өртеніп жатқаны анықталды. Қазіргі сәтте өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр» делінген қалалық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Оқиға орнында шұғыл өрт сөндіру штабы құрылған. Өрттен қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ.

Өртті Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-ға қарасты 8 техника мен 32 маман сөндіріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы