Елордада «Шапағат» базарындағы өрттен зардап шеккендер жоқ

Бүгін түнде елордадағы ірі коммуналдық базардан өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 40 минутта сөндірді. Қызыл жалын ғимараттың шатыры мен сыртқы жабынды қабатын шарпыған. Ал нысан іші өртенбеген. Құрбан болғандар мен жапа шеккен ешкім жоқ. Өртті сөндіруге 32 құтқарушы мен 8 бірлік техника жұмылдырылды.