Футбол қақпасы кішкентай баланы басып қалды

Алматыда футболға арналған қақпа кішкентай баланы басып қалды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде оқыс оқиға болған ауланың видеосы пайда болды.

«4 сәуір күні кешкі сағат 19:30-да менің құрбымның баласы 8-ші ықшам ауданындағы №79-үйдің ойын ауласында ойнап жүрген. Футболға арналған темір қақпа баланың үстіне құлап кетті. Сөйтсек, қақпа бекітілмеген екен. Бала реанимацияда ауыр халде жатыр. Ешқандай қауіпсіздік ережелеріне сай келмейтін балалар алаңын қалай ашуға болады», - деп жазды желі қолданушы.

Алматы әкімдігі баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты түсінік берді. Әкімдіктің хабарлауынша, 2020 жылы осы мекенжай бойынша аулаға EC-EnergyQazaqstan ЖШС мердігер компаниясы келісімшартқа сәйкес ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізген. Тапсырыс берушісі – Әуезов ауданы әкімінің аппараты.

«Смета бойынша ойын алаңының резеңке жабындысын ауыстыру және сыртқы жарықтандыру құрылғыларын ауыстыру жұмыстары жүргізілген. 2016 жылы №8 ықшамауданындағы №79 үй бойынша ойын алаңын, футбол алаңын жақсарту және сыртқы жарықтандыруды орнату жұмыстары жүргізіліп, содан кейін ойын алаңы мен футбол алаңы күтіп ұстау үшін «Управление домами-14» пәтер иелерінің тұтынушылар кооперативіне берілген», - деді Әуезов ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімінің жетекшісі Азат Кәкетаев.

Сондай-ақ...