Шымкентте жасырын спирт өңдейтін зауыт анықталды

Мұндай заңсыз іс-әрекет қалалық кәсіпорындардың бірінің өнеркәсіптік аймағында екені белгілі болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полицейлер осы маңда 70 литр алкогольді сұйықтық алып бара жатқан көлік жүргізушісін тоқтатып, кейін зауыт аумағын тексеру кезінде жалпы сомасы 35 млн теңгеге тағы 25 тонна суррогат спирті тәркілеген. Алынған заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне берілді. Ал Қаратау аудандық соты кәсіпорын басшысын заңсыз кәсіпкерлікті ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп тауып, бір жылға бас бостандығынан айырды.