Елордада карантинде қыз ұзату тойын жасағандар анықталды

Елордада карантиндік шектеулерге қарамастан дүркіретіп той жасағандар табылды. 

Мобильдік топ өкілдері қаладағы мейрамханалардың бірінен қыз ұзатып жатқандарды анықтады. Тойға 160 адам қатысқан екен. Арасында қарт кісілер де бар. Мамандар той иесін де, тойхана қожайынын да жауапқа тартпақ. Оларға қомақты айыпұл салынады.