Маңғыстауда жүк тиелген көлік аударылып қалды

Маңғыстауда тасжолда жүк тиелген көлік аударылып қалды.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл туралы lada.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы 4 сәуірге қараған түні Жаңаөзен – Кендірлі тасжолында болған.

«Қалың тұманға байланысты жүк көлігінің жүргізушісі жолдың шетіне тоқтай тұру туралы шешім қабылдаған, бірақ көлік шұңқырға ауып кетіп, аударылып қалды. Жаңаөзендік полицейлер жолда қалған жүргізушіге және оның жолаушысына көмектесті. Көлікке жүк тиелгендіктен, олар көлікті тастап кетуден бас тартты. Полиция қызметкерлері оларға азық-түлік пен су жеткізді», - деді облыстық полицияның баспасөз қызметі.