Маңғыстау облысында болған шаңды дауылдан көлік қозғалысы қиындады

Бораған топырақтан далада көзді ашуға мүмкіндік болмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әртүрлі аудан тұрғындары түсірген бейнетаспалар әлеуметтік желілерде таралуда. Өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметі күн райының күрт бұзылуынан жол-көлік оқиғасы тіркелмегенін жеткізді. Облыстағы барлық жолдар ашық. Дегенмен полицейлер тұрғындарға сақ болып, қауіпсіздік шараларына көңіл бөлу қажеттігін ескертуде.