Қарағандыда өрттен он бес адам құтқарылды

Қарағанды қаласында да жеке үй өртенді. Тілсіз жаудан 8 адам құтқарылып, 15 адам жедел оқшауланған.

Улы түтінге тұншыққан 3 бала ауруханаға жатқызылды. Жалпы Қарағандыда соңғы тәулікте тек  жеке секторда емес  көп қабатты үйлерде де өрт жиілеп кетті. Тіпті 4, 5- қабаттағы пәтерлер өртенген. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары өртті сөндіруге 26 техника  мен автокранды да  пайдаланған.