Павлодарда 19 жастағы қызды көлік қағып кетті

Павлодарда 19 жастағы бойжеткенді көлік қағып кетті.

Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы сағат 13:40-та Лермонтов – Мәшһүр Жүсіп көшелерінің қиылысында болған.

«ВАЗ-2107» маркалы автокөлігінің 72 жастағы жүргізушісі жолды бағдаршамның рұқсат беретін сигналына кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кетті», - дейді департаментте.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 19 жастағы қыз жарақат алып ауруханаға жеткізілді. Сараптама тағайындалды.