430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында жол апатынан 16 жасар қыз көз жұмды

  • 98
  • UPD: 13:07, 07.04.2021
Қостанай облысында жол апатынан 16 жасар қыз көз жұмды

4 сәуірде сағат 20:00 шамасында Қостанай – Қарабұтақ жолының 98-ші шақырымында «Ваз-21130» автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен.

Салдарынан «Лада Ларгус» көлігімен соқтығысқан, деп хабарлады kstnews.kz.

Жол-көлік оқиғасынан «Ваз-21130» жүргізушісі жарақат алды. «Лада Ларгус» көлігінің 16 жастағы жолаушы Лисаковск қаласындағы орталық қалалық ауруханада қайтыс болды.

Қазіргі уақытта полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Хабар 24 телеарнасы