Семейде өртенген тұрғын үйден екі газ баллоны шығарылды

Семейдегі Молдағалиев көшесіндегі үйде өрт шықты.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер жетіп, екі адамға тиесілі үш пәтерлі үйдің ағаш құрылымдары, қабырғалары мен төбесі өртеніп жатқанын анықтады, деп хабарлады Устинка LIVE.

«Өрт сөндірушілер пәтердің ас үйінен сыйымдылығы 27 литр болатын екі газ баллонын алып шықты», - деді ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.

Тілсіз жау 70 шаршы метр аумаққа жайылып үлгерген (үйдің жалпы ауданы 250 шаршы метр).

Өртті сөндіруге 23 адам мен сегіз техника жұмылдырылды.