432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында жол жиегі ойылып, өзенге құлады

  • 114
  • UPD: 17:50, 08.04.2021

Алматының Медеу ауданында жол жиегі опырылып түсті. Өйткені жар жиегіндегі тар жолдың ені жыл сайын қысқарып, бар болғаны төрт метрі ғана қалған. Жиек төмендегі Терісбұлақ өзенінің аңғарына қарай опырылып барады. Соңғы жауыннан кейін жол шетінің бес метрі ойылып, 10 текше метр топырақ құлаған.

Мамандардың айтуынша, бұл көп емес. Дегенмен, оқыс жағдайдың алдын алу үшін Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері көшенің осы бөлігін жабу туралы шешім шығарды. Жалпы Алматыда мұндай 81 участок бар екен. Оның 16-сы бұдан да қауіпті.

Алмас Құрманов, қалалық ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы:

- Аталған учаскені аралап шықтық. Байқоңыр көшесінен бұл жерге кіретін жол бар екен, сондықтан тиісті шаралар қабылданғанша мына учаске жабылатын болады. Бұл жердегі қауіп қазір орташа. Бұл жерге тірек қабырғалар салынады, бетоннан немесе габион құрылысынан. Жол кеңейтіледі, ол үшін жоба жасалуы керек.

Хабар 24 телеарнасы