Ақтауда үстеме ақыны дәрігердің орнына әкімші қызметкерлер алып келген

«Жалақыға үстеме ақы дәрігерлерге емес, әкімші қызметкерлерге төленген». Бұл Ақтауда болған жағдай.

Облыстық аурухана басшылығы коронавируспен күреске жұмылдырылған медициналық қызметкерлеріне тиесілі 30 млн теңгеден астам үстеме ақыны талан-таражға салды деп айыпталып отыр. Құзырлы орган осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

Иманмағзұм Шәгірбаев, ҚР СЖҚІА аймақтық департаментінің тергеушісі:

- ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен қозғалған қылмыстық іс тергелуде. Аталған үстеме ақы 14 әкімші қызметкерлерге заңсыз төленгені анықталған. Маңғыстау облысының әкімдігіне және денсаулық сақтау басқармасына заң бұзушылықтарға әкеп соққан мән-жайларды жою жөнінде ұсыныс енгізілді.