Ақмола облысында жасөспірімнің үстіне бетон құлап, мерт болды

Ақмола облысында жазатайым оқиға салдарынан 16 жастағы бозбала көз жұмды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, бүгін, 8 сәуірдегі сағат 11:00-де Есіл аудандық полиция бөліміне аудандық аурухана фельдшері хабарласып, ауруханаға жеткізілген жасөспірімнің қайтыс болғанын айтқан.

«Анықталғандай, Есіл қаласының 16 жастағы тұрғыны 1-курс студентінің үстіне Есіл қаласының №7 агротехникалық колледжінің аумағынан тыс жерде орналасқан көкөніс қоймасына кіреберістегі шатырдан (күнқағардан) бетон плита қалған. Осы оқиға Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-бөлігі «қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету» бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіміне енгізілді», - деді ведомстводан.