433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында арнайы операция жүргізілді

  • 84
Түркістан облысында арнайы операция жүргізілді Polisia.kz

Түркістан облысында бопсалаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облыстық Полиция департаментіне Қазығұрт ауданының тұрғыны арызданған. Ауыл тұрғыны үш ер адам оны қорқытып, шамамен төрт миллион теңге ақша талап еткенін айтты. Аталған жайтты полиция қызметкерлері СДТБТ-ға (Бопсалау) тіркеді.

Қылмыстың ауырлығын ескере отырып, Полиция департаменті мен ҰҚКД жедел бөлімшелердің тәжірибелі қызметкерлерінен бірден бірлескен топ құрылды. Барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді, атқарылған жұмыстар аясында осы қылмысқа қатысы бар адамдар анықталды. Олардың барлығы ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері болып шықты. Бірлескен жедел іс-шаралардың нәтижесінде тұрғылықты жері бойынша тоғыз адам ұсталды, олар Қазығұрт, Келес және Сарығаш аудандарының тұрғындары. Күдіктілердің төртеуі ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелері, ал үшеуі бұрындары бұзақылық, адамды ұрлау және террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды тарту үшін сотталғандары анықталды.

Қазіргі уақытта Түркістан облысы ПД Тергеу басқармасы осы іске байланысты тиянақты тергеу жұмыстарымен айналысуда. Бүгінде төртеуі сотпен қамауға алынып, бесеуі қолхатта. Күдіктілердің бірінің үйін тінту кезінде жедел уәкілдер нөмірлік белгісі зақымдалған шолақ мылтық пен металл кастетті тауып, тәркіледі. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, қылмыстық топтың басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.

Хабар 24 телеарнасы