Алматыда автобус апатқа ұшырады, зардап шеккендер бар

Алматыда автобус апатқа ұшырады, зардап шеккендер бар, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Алматыда автобус шығыс айналма жолындағы жолайрықтың бетон қабырғасына соғылды, нәтижесінде бес жолаушы жарақат алды. Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 8 сәуір күні сағат 18:20-да болған.

«Ютонг» маркалы автобусының жүргізушісі 1992 жылы туған С. есімді азамат Халиуллина көшесімен шығыс бағытта, шығыс айналма жолындағы көпірдің астымен жүріп келе жатып бетон қабырғаға соғылды. Жол апаты салдарынан автобустың бес жолаушысы зардап шекті. Материалдар Медеу аудандық Полиция басқармасына жіберілді», - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.