429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да жоғалған екі жасар баланың мәйіті табылды

  • 192
  • UPD: 11:10, 10.04.2021
ШҚО-да жоғалған екі жасар баланың мәйіті табылды иллюстративті фото

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жоғалып кеткен баланың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға хабарласқан әйел 2 жасар ұлы Арсен Киселевтің жұма күні күндіз әдеттегідей аулаға ойнауға шыққанын, бірақ кейін оны таппай қалғанын жеткізді.

Полицейлер Арсенийдің аға-әпкелерімен және көрші балалармен бірге ойнап жүргенін анықтаған. Алайда кейін араға уақыт салып, ол жоғалып кеткен.

«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін Өскеменнен Полиция департаментінің және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен кинологтар көмекке келді. Полиция қызметкерлері бала өзенге жақындап, суға түсіп кетуі мүмкін деген болжам жасаған. Бұған су жағасындағы іздер дәлел болды. Біраз уақыттан соң баланың мәйіті ықтимал құлау орнынан 1 шақырым қашықтықтан табылды», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Хабар 24 телеарнасы