429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде көп қабатты үй өртенді

  • 123
  • UPD: 19:12, 11.04.2021
Ақтөбеде көп қабатты үй өртенді иллюстративті фото

Ақтөбеде көп қабатты үйдегі пәтер өртеніп, баспана иелері арнайы баспалдақ арқылы құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін сағат 11:33-те облыстық ТЖД кезекші бөліміне өрт туралы хабарлама түсті. Сәңкібай батыр даңғылындағы көп қабатты үйде пәтер жанды.

«Оқиға орнына 4 техника мен 13 адам жіберілді. Ас үйдегі жиһаз жанған. Өрт сөндірушілер арнайы баспалдақ арқылы үй иелерін құтқарды. Тұрғын үйден 10 адам эвакуацияланды», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт сөндірушілер тұрмыста қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырды.

Хабар 24 телеарнасы