Хромтаудағы жарылысқа себеп болған газ емес – ТЖД

Ақтөбе облысының Ақжар ауылында жер үйде жарылыс болып, 7 адам зардап шекті. Олардың үшеуі бала.

Жарылыстың жойқын болғаны соншалық үйдің бір бөлігі құлап қалған.

Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, жарылысқа нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Бірақ кейін үйдің ішінен 5 литрлік құтыда газ конденсатының сақталғаны анықталған. Ал үйдің өзі 1960 жылдары салынған ескі баспана екен. Оқиға бүгін түс ауа болған. Жарақат алғандардың барлығы қазір аудандық ауруханада жатыр.