Балқашта жоғалған 15 жасар қыз бала Алматыдан табылды

Балқаш қаласында жоғалған 15 жасар жасөспірім қыз Алматыдан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

10 сәуірде Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне 35 жастағы қала тұрғыны өтінішпен жүгінді. Әйел 15 жасар қызының жоғалып кеткенін айтқан. Қыз үйден шығып, оралмаған.

«11 сәуірде облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері алматылық әріптестерімен бірге жоғалған қыздың Алматыда тұрған жерін анықтады. Жасөспірімді Алматы қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырды және ол туралы ата-анасына хабар берілді», - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.