Алматы облысында «жедел жәрдемге» кедергі келтірген көлік иесіне айыппұл салынды

Алматы облысында жедел жәрдем көлігіне кедергі келтірген автокөлік иесіне айыппұл салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ер адам өзінің жол талғамайтын көлігін жолдың ортасына қойып кетіп, басқа көліктердің өтуіне кедергі жасаған. Оны арнайы шақыртумен келген жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі ұялы телефонына түсіріп алып, жол полициясына жолдаған. Кейінірек полиция қызметкерлері тәртіп бұзған азаматты тауып, әкімшілік жауапкершілікке тартты.