Семейде жатақхана терезелерін сындырған бұзақы ұсталды

Курчатов қаласының тұрғыны Семейдегі жатақхананың терезелерін сындырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласы ПБ Затон полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 66 жастағы күзетші жүгінді, ол түнгі уақытта белгісіз ер адамның еш себепсіз балабақша мен жатақхананың терезелерін, жарықтандыру флакондарын кірпішпен сындырғанын хабарлады.

Патрульдік полиция батальоны Курчатов қаласының 52 жастағы тұрғынын ізін суытпай ұстады. Ұсталған ер адам криминалистік есепке қойылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.