427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды маңындағы су қоймасында балықтар жаппай қырылып жатыр

  • 200
  • UPD: 18:15, 13.04.2021
Қарағанды маңындағы су қоймасында балықтар жаппай қырылып жатыр

Қарағанды маңындағы №9 Платина су қоймасында балықтар жаппай қырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар 400-ден астам мөңке балығының неден өлгенін анықтау мақсатында зерттеу жүргізіп, сынама алғандарын айтты.

Мына бейнені әлеуметтік желіге салған жергілікті балықшылар «балықтар ауаның жетіспеушілігінен қырылып жатыр» дейді. Себебі, қыста су қоймаларының иелері балықшыларға мұзды бұрғылап тесуге рұқсат бермеген көрінеді. Бірақ мамандар бұны растамады.

Абай Әлжанов, «Нұра-Сарысу»  балық шаруашылығы инспекциясы РММ басшысының орынбасары:

- Өлген балықтың саны 400-ден асады. Платинаның басқа жерінде мұндай жағдай тіркелген жоқ. Экология департаменті судан сынама алса, ветеринария мамандары өлген балықтардан сынама алды. Нәтижесі 20 күннің ішінде белгілі болады. Өз кезегінде балық шаруашылығы да зерттеу жүргізіп жатыр. Тексеру барысында қыстыгүні суда бұрғылау жұмыстары жүргізілгені белгілі болды. Балыққа ауа жетіспеді деген шындыққа жанаспайды.

Хабар 24 телеарнасы