Екібастұзда майнинг фермасында өрт шықты

Екібастұзда майнинг фермасында өрт шықты.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.

«Солнечный кентінде орналасқан «ВТС-KZ» ЖШС-де өрт шыққаны туралы хабарлама 15 сағат 01 минутта түсті. Майнинг фермасы аумағында майнинг пен қабырғаларды қаптауға арналған жабдықтар жанған. Жалпы ауданы 150 шаршы метр жанған», - дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға орнында 14 адам мен үш техника жұмыс істеді. Зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жау 17:37-де сөндірілді.