429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында трактор аударылып, үш адам қаза тапты

  • 161
  • UPD: 16:55, 14.04.2021
Қостанай облысында трактор аударылып, үш адам қаза тапты

Қостанай облысында 13 сәуірде Қарасу ауданында болған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлады alau.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жол апаты «К-744» маркалы трактордың қатысуымен болған, трактор аударылып қалған. Белгілі болғандай, трактормен жұмысшылар көрші ауылға тасымалданған.

«Көлікте төрт адам болғаны белгілі. Өкінішке қарай, үшеуі қайтыс болды, біреуі зардап шеккен жоқ. Апаттың себебі тергеу барысында анықталады. Оқиға тергеуі ерекше бақылауға алынды», - деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу шаралар кешені жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы