Павлодар облысында монастырь өртенді

Павлодар облысында әйелдер монастырі өртке оранды. Оқыс оқиға түнде болған. Ғимаратты түгел шарпыған қызыл жалынның аумағы 500 шаршы метрден асады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Газ баллоны жарылмай, адамдар аман қалды. Құтқарушылар тілсіз жаумен төрт сағат арпалысқан. Өртті сөндіруге 35 қызметкер мен 7 техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебін анықтау үшін төтенше жағдайлар департаменті мамандарына жүктелді.

Орал қаласының тұрғыны ұялы телефон мен қуаттағышты аяқ киімнің табанына тығып, түзету мекемесіне өткізбек болған. Алайда қырағы тәртіп сақшыларының арнайы тексеруі барысында қала тұрғынының қулығы әшкере болды.

- Вот содержимое через аппарат. Вот предмет, похожий на сотовый телефон. Также попрошу заметить, внутри под стелькой…

Атырауда 7 жасар қыз үйінде қамалып қалған. Баланың анасы дүкенге шығып кетіп, кері үйіне кіре алмай қалған. Ал пәтер ішінде газ плитасы қосулы қалыпты. Дабыл қаққан ана алдымен құтақрушыларға хабарласқан. Бірақ түнгі жұмыстарға арналған жабдықтың жоқтығынан олар көмектесе алмапты. Алайда полиция қызметкерлері пәтерге сырттан кіріп, есікті ашқан.

Жамбыл облысында тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан героин тәркіледі. Алдымен Тараз қаласының тұрғынынан 1 грамнан астам есірткі алынған. Кейін Ақшолақ ауылында автокөлікті тексеру кезінде 2 грамм есірткі табылған.

Дінмұхамбет Қойтөриев, облыстық пд есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының орынбасары:

- Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сақтау 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуға жазаланады.

Елордалық тұрғын велосипед ұрлап қолға түсті. Ұрлық талтүсте болған. Жас жігіт тұрғын үй кешеніне кіріп, ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізген. Кейін үйдің жанында тұрған велосипедті қолды қылыпты. Алайда көз ұзамай ұры ұсталды. Енді ол қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.