Ақмола облысында жедел жәрдем көлігіне оқ атқандар ұсталды

Ақмола облысында жедел жәрдем көлігіне оқ атқандар ұсталды. Оқиға осыдан бірнеше күн бұрын Щучинск қаласында болған еді.

Полицейлердің айтуынша, қаладағы аулалардың бірінде пневматикалық қарудан оқ атып, мергендіктен бәстесіп жатқан жасөспірімдердің бірі байқаусызда сол маңайдан өтіп бара жатқан медициналық жедел жәрдем көлігінің терезесіне тиеді. Ал көлік, аяғы ауыр келіншекті ауруханаға алып бара жатқан. Абырой болғанда, бәрі дін аман. Сөйтіп, түн ортасында ауланы шулатқан жергілікті колледждің 3-студенті қазір тергеліп жатыр. 

Әсемгүл Кочубаева, тергеуші:

- Сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізіледі. Оның барысында олардың кәмелет жасқа толмағандығы, солай бола тұра пневматикалық қару ұстап жүргендері, кінәларын мойындауы бәрі ескеріліп, содан кейін ғана нақты жаза қолданылады.