Атырауда бір тоннаға жуық бекіре тұқымдас балық тәркіленді

Атыраулық полицейлер 1 тоннаға жуық бекіре тұқымдас балық тәркіледі.

«Бекіре-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде қалаға қарасты Көкарна ауылындағы үйлердің бірінен аулауға тыйым салынған 247 дана су маржаны табылды. Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері қолға түсірген 25 жасар күдікті қазір қамауға алынды. Естеріңізге сала кетейік, мұнайлы өңірде сәуір айының бірінен бастап «Бекіре-2021» балық қорғау акциясы өтіп жатыр.

Нұрлыбек Қанатов, облыстық ПД Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы:

- Аталған қылмысқа күдікті 1996 жылы туған азамат анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 339-бабымен сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде.