429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте дәрігерлер үш айлық нәрестенің ішінен түйреуіш алып шықты

  • 111
  • UPD: 17:47, 16.04.2021
Шымкентте дәрігерлер үш айлық нәрестенің ішінен түйреуіш алып шықты фото: ҚР ДСМ

Шымкентте дәрігерлер үш айлық нәрестенің ішінен түйреуішті алып шықты, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Шымкент қаласындағы балалар клиникалық ауруханасына тыныс алу жолында бөгде зат бар деген күдікпен үш айлық қыз бала жедел жәрдем көлігімен жеткізілген.

Нәрестені шұғыл түрде тексерген дәрігерлер рентгенограмма жасаған. Тексеру қорытындысында трахеяның жоғарғы үштен бір бөлігінде түйреуіш тұрғаны анықталды. Баланың ішіндегі қауіпті затты алып шығу үшін ауруханадағы білікті хирург - А.Түлкібаев, Н.Қоянбаев және анестизиолог дәрігері Б.Тотықов шұғыл түрде операция жасаған.

«Ота кезінде фибробронхоскоп аркылы кіріп, іштегі түйреуішті алып шықтық. Операция тіліксіз өтті. Баланың жалпы жағдайы жақсы, емдеу хаттамасына сәйкес қажетті ем алуда» - дейді ота жасаған дәрігер А.Түлкібаев.

Мамандардың айтуынша, орталыққа бөгде зат жұтып қойған балалар жиі келіп түседі. Бөгде заттар ауыз қуысы мен жұтқыншақ арқылы өтіп, трахея мен бронхқа енеді. Ірі бөтен денелер өңеш арқылы өте алмайды. Бөгде денелердің көбісі әдетте ұсақ (моншақ, бұршақ, тырнақ, түйме, ине, түйреуіш, сүйек, ұсақ тиындар). Үлкен бөтен денелер немесе өткір формасы бар заттардың трахеяның қабырғаларына немесе негізгі бронхтың қабырғаларына, ал сол жаққа қарағанда оң жақта жиі тұрып қалу қаупі өте жоғары.

Балалардың бронхы мен трахеясына әртүрлі заттар тұрып қалуы мүмкін: дән, түйме, түйреуіш, қағаз қыстырғыш, тырнақ, ойыншық бөлшектері және тағы басқалар. «Мұндай жағдайлар көбінесе ата-ананың қарауынсыз қалған балаларда жиі кездеседі», дейді дәрігерлер.

Хабар 24 телеарнасы