Жамбыл облысында қайырымдылық жәшігіндегі ақша ұрланды

Жамбыл облысында ер адам қайырымдылық жәшігіндегі ақшаны қолды қылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Рысқұлов ауданының Көкдөнен ауылында болды. Түнде белгісіз біреу мешіттің терезесін сындырып кірген. Жиналған зекет пен құны 20 мың теңге болатын құрылғыны алып, қашып кеткен. Тәртіп сақшылары 32 жастағы Түркістан облысының тұрғынын қолға түсірген. Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.