Қарағандыға есірткі тасумен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті

Қарағандыға есірткі жеткізетін трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдіктілер шикізатты сұйық күйде, яғни сусын және мотор майы ретінде арнайы құтылармен әкеліп отырған. Кейін одан есірткі жасау үшін елдің бес бірдей өңірінде өз зертханаларын ашқан. Ұсталғандардың жалпы саны 10 адам. Оларды қолға түсіргенде 70 келідей сұйық және заттай синтетикалық есірткі табылды.

Полиция мәліметінше, ұйымдастырушылардың өздері шетелде отырып, істі танымал мессенджерлер арқылы жүргізіп отырған. Бұл топ есірткіні Ресей мен ТМД-ның өзге де елдеріне де таратып отырғаны анықталды.