427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында жүк көлік суға құлап, жүргізуші қаза тапты

  • 288
  • UPD: 20:51, 17.04.2021
Ақмола облысында жүк көлік суға құлап, жүргізуші қаза тапты

Ақмола облысының Шортанды ауданында жүк көлігі суға аударылып, жүргізуші тұншығып көз жұмды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиға 16 сәуір күні Бектау ауылы маңында болған.

«Анықталғандай, қардың суы шайып кеткен автожолмен қиыршық тас зауытына бара жатқан «Шансиман» жүк көлігі жолда батып қалады. Бульдозер тракторымен сүйреп шығару кезінде жүк көлігі аударылып, алдымен кабинасы, кейін түгел суға батады. Осы кезде көлік ішінде болған жүргізуші сыртқа шыға алмай, оқиға орнында көз жұмды», - дейді ведомстводан.

Қазіргі кезде жүргізушінің денесі Нұр-Сұлтан қаласындағы мәйітханаға жіберілді. Сонымен бірге Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі «Еңбекті қорғау ережесінің бұзылуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде Шортанды ауданы аумағында жүк көлігінің сүйреу кезінде суға аударылғаны туралы бейнежазба тарап жатыр. Онда көлік ішіндегі жүргізушіні куәгерлер құтқармақшы болғанын көруге болады.

Хабар 24 телеарнасы