Елорданың Есіл ауданында қураған шөп өртенді

Елорданың Есіл ауданында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«21:19-да астаналық өрт сөндірушілер Есіл ауданындағы 128-көшеде шыққан өртті сөндіруге аттанды. Онда қураған шөп жанған. Жеке құрамнан 30 адам 6 техникамен тілсіз жаудың бетін қайтаруға күш салды. Сондай-ақ, оқиға орнына әкімдіктен 4 су шашқыш машина жіберілді» деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Төтенше жағдайлар департаменті өртті сөндіруге үдей соққан жел айтарлықтай кедергі келтіргенін мәлімдеген. Жапа шеккендер мен қаза болғандар жоқ. 22:16-да өрт сөндірілді.