Биылғы үш айда жол апатынан 363 адам көз жұмды

Елімізде өткен үш айда жолда 2 жарым мыңнан астам апат болды. Осыдан 363 адам қаза тапты. 3 жарым мың азаматымыз жараланды. Негізгі себеп жол ережесін елемеу.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, былтыр карантиндік шектеулер күшейіп тұрғанда жол апаттары аз болған. Ал биыл күрт көбейіп кетіпті.

Серік Түсіпов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:

- Биыл 1 миллион 300 мың заң бұзушылық анықталды. Оның 437 мыңы жылдамдықты асырып жіберуге қатысты. 289 мыңы жол белгілерін ескермеуге байланысты. 5 мың жүргізуші алкогольдік ішімдік ішіп алып ұсталды. Жол ережесін бұзғаны үшін 6 мың азамат темір тұлпарды тізгіндеу құқығынан айырылды.