Павлодарда жол апатынан бес жасар бала зардап шекті

Павлодарда көлік аударылып қалды.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.

«19 сәуір күні сағат 12:00-де Ломов көшесі, 156/2 мекенжайында «Ниссан» маркалы автокөліктің жүргізушісі көлікті басқара алмай, көлік қоршауға соғылып, аударылып қалған», – деді облыстық Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бауыржан Мақашев.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жолаушы – 2016 жылы туған бала мен 30 жастағы әйел Павлодар қаласының ауруханасына медициналық көмекке жүгінді.

Сондай-ақ...