Павлодарда өрт кезінде ер адам көз жұмды

Өрт сөндірушілер келгенге дейін 6 адам өздігінен сыртқа шыққан, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

«Бүгін сағат 12.27-да Мир көшесі, 11 мекенжайы бойынша бес қабатты үйдің бірінші қабатында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Қонақ бөлмесінде 1968 жылы туған пәтер иесінің денесі табылды», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінде.

Бір бөлмелі пәтердің 15 шаршы метр алаңында үй заттары, жиһаздардың өртенген.

Бесінші қабаттағы пәтерден өрт сөндірушілермен баспалдақ арқылы үш бала эвакуацияланды.

Өрт сағат 12.52-де сөндірілді.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына темекі шегу кезіндегі салғырттық себеп болған.

Оқиға орнында жеке құрамнан 18 адам мен алты техника жұмыс істеді.