Таразда кәмелетке толмаған үш балаға оқ атылған

Таразда кәмелетке толмаған үш бала оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Бұл туралы zakon.kz Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті анықталып, қамауға алынды.

«Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандардың денсаулық жағдайы тұрақты, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Істің егжей-тегжейі тергеу мүдделері үшін айтылмайды», - дейді полиция.

Сондай-ақ...