Таразда оқ атылған балалардың жағдайы белгілі болды

Таразда белгісіз адамдар кәмелетке толмаған балаларға оқ атты.

Үш жасөспірім оқ жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды жергілікті Полиция департаменті. Қаскөйлер бытыра мылтығымен атты деген ақпарат бар. Алайда оқиғаның себебі әзірге белгісіз. Тәртіп сақшылар қылмыс жасаған күдіктіні ұстап, қамауға алған. Осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті. Дәрігерлердің айтуынша, қазір балалардың жағдайы тұрақты. Олардың өміріне төніп тұрған қауіп жоқ.

Таразда кәмелетке толмаған үш балаға оқ атылған

Сондай-ақ...