Жамбыл олысында адам ұрлығына қатысты қылмыс ашылды

Жуырда ғана 46 жастағы әйелдің жоғалғаны туралы хабарлама түсіп еді.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 125-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде екі күдікті ұсталды. Жәбірленушіні полицейлер Жамбыл ауданындағы ауылдардың бірінен тапты. Полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов аталған қылмыстық істің тергеу-тексеру барысы ерекше бақылауында екенін атап өтті.