Елордада жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты

Елорданың Алматы ауданында өрт шықты.

Жекеменшік үй өртенген, деп хабарлады Tengrinews.kz елордалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, сағат 08:46-да ТЖД бөлімшелері шақырту бойынша Алматы ауданына шыққан.

«Келген бойда 70 шаршы метр аумақта жеке үйдің шатыры жанып жатқаны анықталды. Иесінің айтуынша, үйде ешкім жоқ. Сағат 09:06-да өрт сөндірілді», - деді ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.